Жаз мезгілінің соңғы айы болғанымен аптаған ыстықтан бой тасалап, түрлі өзен-көлдерге шомылуға шығатындар әлі де көп, өкінішке орай қауіпсіздік ережесін сақтамай суға бату жағдайлары да орын алуда. Соның бірі «Сырдария» өзенінде орын алды, деп хабарлайды Шымкент қаласы Төтенже жағдайлар депратментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар қызметі.
2020 жылғы 8 тамыз 15 сағат 04 минутта құтқару қызметіне Арыс ауданы Ақдала ауылдық округы «Сырдария» өзеніне шомылу кезінде 1989 жылғы ер азамат суға батып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасақтың 6 құтқарушысы шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына Арыс аудандық ТЖ бөлімінен 2, аудандық полиция бөлімінен 4 қызметкер, туыстарынан 10 адам жұмылдырылды. Алайда түнгі уақытта су объектісінде іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болмағандықтан, сағат 21.05-те жұмыс тоқтатылды. 3 тамызда сағат 06.4-те құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастырды, қараңғы түсуіне байланысты 20.10-да іздестіру жұмыстары тоқтатылды. 9 тамыз сағат 07.15-те іздестіру жұмыстары қайта жандандырылды, алайда 20.55-те қараңғы түсуіне байланысты қайта тоқтатылды. 10 тамыз сағат 06.15-те іздеу жұмыстары басталып, сағат 08.46-да ер азаматтың денесі құтқарушылармен табылып, судан шығарды.