Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпид ахуал жөнінде өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасының өкілі Дәулет Шорабаев мәлімдеді.
– Қазіргі уақытта провизорлық стаионарларды кезең-кезеңімен консервациялау басталды. Ең алдымен консервациялау жұмыстарын оқу орындары базасында ашылған провизорлық стационарлардан бастадық. Бүгінгі күні политехникалық колледжде ашылған стационарда -250 орын, 52 мектепте ашылған стационарда — 300 орын және №86 мектепте ашылған стационарда — 400 орын уақытша қызметін тоқтатты» — деді.
Уақытша жұмысын тоқтатқан стационарлар эпидахуал нашарлаған жағдайда қайтадан ашылатын болады.
Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша жұмыс күшейтілген болатын. Нәтижесінде қосымша 211 мобильді топ құрылып, 17 820 науқасқа үйінде стационарлық қызмет көрсетілген.