#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

С.Қалқаманов: Тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою — басты мақсат

Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін оңтайлы шешу жөнінде ZOOM конференциясы арқылы кеңес өтті.

Облыс әкімінің орынбасары С.Қалқамановтың төрағалығымен өткен жиынға Қазақстандағы ЮНФПА халықтың қоныстануы мен дамуы және гендер жөніндегі бағдарламалардың ұлттық үйлестірушісі Молдақұлова Ғазиза, ЮНФПА ұлттық кеңесшісі Сағадат Сабитова, «REFRAME» тұлға дамыту орталығының директоры  Вероцкая Гүлжан, «Сана сезім» әйелдер бастамасы құқықтық орталығының басшысы Хасанова Шахноза, Түркістан облысы «Көмек» баспанасы бар мемлекеттік дағдарыс орталығының басшысы Жусупова Малика қатысты.

«Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өте өзекті. Түркістан облысында отбасында зәбір көрген азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұрын бұл өткір мәселемен «Отбасы, балалар және жастар басқармасы» ғана айналысса, қазіргі таңда отбасы ахуалы және балалар арасындағы құқық бұзушылықты реттеуді облыстағы үш басқарма қолға алған. Біз ашық диалогқа әрқашан дайынбыз. Өңірде отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі бір орталық ашумен шектелмейді. Бұл жайтқа стратегиялық тұрғыдан қарап, яғни проблеманың түп-тамырын жоюға күш салуымыз қажет», деді С.Қалқаманов.

Облыстағы тұрмыстық зорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген ЮНФПА ұлттық кеңесшісі Сағадат Сабитова «Түркістан облысы тұрмыстық зорлықты жою бойынша нәтижелі жұмыс көрсеткен, республиканың өзге облыстарына қарағанда алдыңғы орында екенін атап өтті.

Демографиялық өсім жағынан озық тұрған Түркістан облысында әйелдерге қатысты жасалған зорлық фактісі биыл айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда, 2018 жылдың 6 айында 1043 болса, 2020 жыл бұл көрсеткіш 575-ке төмендеген.

Сондай-ақ облыста 2 млн. адам болса, оның 514-і 14-29 жас аралығындағы жастар. 2020 жылғы 6 ай ішінде жастар арасындағы өз өзіне қол жұмсау фактісі былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған.

Бұдан бөлек, облыс әкімі 2020-2023 жылдарға арналған құқықтарды қорғау, балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жоспарын бекітті.

Аталған жұмысқа ҮЕҰ, мемлекеттік емес оқу орталықтары тартылуда. Мәселен, Ардагерлер кеңесімен «Әкелер мектебі» жобасы іске қосылса, REFRAMЕ тұлға дамыту орталығымен мектеп психологы, сынып жетекшісі, мектеп мейірбикесі және өзге де азаматтар қатысатын «Бестерек» жобасы жүзеге асуда.

Бұл жұмыстарды облыс әкімінің орынбасары өз бақылауына алған.

Соңғы жаңалықтар