#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Балдағы алтын семсер сынды…

Белгілі ақын, журналист, республикалық "Ана тілі" газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан іскерлігімен елдің алғысына бөленген асыл азамат туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«БАЛДАҒЫ АЛТЫН СЕМСЕРІМ

Жолы да,жалы да,жоны да бөлек Жоланым-ай… Арысым-ай… Батырым-ай… Кейінгі буынның ішінде оза шауып,елдің көшін бастаған санаулы саңлақ едің. Кеген-Райымбек ауданын сәтімен түлетіп,Талғар халқын да ретімен қуантып келе жатыр едің ғой…
Сенім мен Үміттің,жауапкершілік пен нәтиженің қадірін арттырған,ел-халықтың жағдайынан басқа уайымың жоқ еді. Нағыз кемеліңе келген шағың еді,Жасаған берген жан бауырым-ай. Інім-ай!Аңқылдаған ақжүрегім!Балдағы алтын семсерім-ай!
… Неше күннен бері жүрегім суылдап жүр еді. Дұға тілеп едім. «Жамандықтың алдын жақсы жаңалықтар алады» деп,көңілді ноталармен назарды басқа жаққа бұруға тырысып бағып едік… «Жолантай,батыр ғой,бәрін жеңіп тік тұрып кетсе екен» деп Құдай тағаладан тілеп едік.
Сені көрген сайын алқымын әппақ сақалы жапқан 80-90-дағы алып абыз қария көз алдыма келетін еді.
Қос өкпең ешқашан алқынбап еді ғой,алқынса да елдік істерда ғана алқынатын еді ғой… Атың өшкір қу індет. Іргемді қиратып кеткенің-ай…
Көрмеген көшеңде Жаратқан Ием панасына алсын,жарығым. Иман нұрың пейіштің төрінде шалқысын. Қандай қиын… Мемлекетке керек ең сапалы Азаматтардың бірі кетті арамыздан«, деп өкініш білдірді.

Жолан Ыбырайақынұлы Омаров 1979 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер, Қазақ ұлттық аграрлық университетін кадастр бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын «КИРЗАВОД-1» ЖШС атқарушы директоры болып бастады.
Әр жылдары «КИРЗАВОД-1» ЖШС бас директорының орынбасары, «Алматыжер ҒӨО» ЕМК Алматы филиалы заң секторының маманы, Қаскелең жер-кадастрлық филиалының басшысы, «Алматыжер ҒӨО» ЕМК директорының бірінші орынбасары, директордың міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы, Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылдың тамыз айынан бастап Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болды. Кейін Райымбек ауданының әкімі болған.
Бүгінге дейін Жолан Ыбырайақынұлы Талғар ауданының әкімі қызметінде болған.

 

Соңғы жаңалықтар