Түркістан қаласындағы орташа жол жөндеу жұмыстары тынымсыз жүріп жатыр. Биылғы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында инфрақұрылымы толық аяқталған 111,13 шақырым құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көшелерде сарқынды су жүйесіне арналған футляр орнату, жол негізін даярлау, аяқ жолдардың жиектастарын орнату жұмыстары қоса жүргізілуде.
Қала орталығындағы Бекзат Саттарханов даңғылы бойында орналасқан «Керуен сарайы» кешенінің тұсында айналма жолдың құрылысы да аяқталуға жақын. Жол төселіп, веложолдың және тротуар орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қаланың орталық көшелеріне 30 аялдама орнатылады. Бүгінде жеңіл конструкциялы заманауи 9 аялдама қаланың басты көшелеріне қойылды.
Қазіргі таңда облыс орталығында құрылыс қарқыны жаман емес.Құрылыс басында карантин талаптары қатаң сақталған. Кей нысандарда жұмыс үш ауысымға көшкен. Оның басым бөлігінде құрылысы аяқталған нысандардың айналасын абаттандыруға күш салуда. Биыл біршамасы пайдалануға берілмек.