Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округінде «ЕРЛАН СЫЗДЫҚОВ» атты бірнеше шаруашылықтың басын біріктірген шаруақожалық бар. Төрағасы Ерлан Сыздықов. 7 баланың әкесі. Бұл кәсіп түрін ең алдымен 2004 жылдан 17 гектар жер алып егіншілікпен, 14 қойдан малшаруашылығын бастаған.
Қәзір 750 қойы, 25 жылқы, 35 түйені көбейтіп отырған жайы бар. Қымыз, қымырандары ауыл тұрғындарынан артылмайды. Ал, егін шаруашылықтағы жері бүгінде 250 гектарды құрап отыр. Оның 50 гектары қарқынды бау-бақша.
Жыл сайын әр гектардан 40 тоннадай алма жинайды. Бау-бақшаға алманың төрт түрі егіледі. Әзірге жақын маңдағы аудан-қалаларға сатып отыр. Алдағы уақытта басқа облыстарға сатылымға жіберу жоспарда бар дейді көпбалалы кәсіпкер.
Сонымен қатар, 200 гектар жерге қауын, қарбыз, бидай және мақта өнімдерін өсіріп отыр. «Ағымдағы жыл өте қолайлы жыл болды. Өнімдеріміз біз ойлағаннанда мол өнім бер дейді.» Шаруақожалықта жемістің тағы бір түрі жүзім шаруашылығы да қамтылған.
Жалпы аталмыш шаруақожалықта 13 адам тұрақты жұмыспен, 50-ге жуығы уақытша еңбекке тартылады. Ерлан Сыздықов алдағы уақытта езбе шығаратын зауыт салуды жоспарлауда. Егер де зауыт салынса ауылдың 200 ге жуық тұрғыны жұмыспен қамтылмақ.