#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында садақа жәшіктеріндегі ақшалар ұрланды

Ол бұрын сотталған және бірнеше рет әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты.

Бір түннің ішінде бірнеше дүкенді тонап, садақа жәшіктеріндегі ақшаны ұрлаған күдіктінің кім екені анықталды. Оқиға Мақтаарал ауданында орын алған.  Жедел іздестіру шараларына кіріскен полиция қызметкерлері бір тәуліктің ішінде күдіктіні  құрықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті мас күйінде, қолда бар құралдардың көмегімен түнде дүкеннің кіреберіс есігін ашып, 230 мың теңгеден астам тұратын 7 ұялы телефонды жымқырған. Одан кейін жас жігіт тағы бір дүкен мен телефон жөндеу шеберханасын тонап, қайырымдылыққа арналған жәшіктерден 25 мың теңге ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Ол бұрын сотталған және бірнеше рет әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Ұрланған заттарды сатып, ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар