#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қайтыс болды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қайтыс болды.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қайтыс болды. Бұл туралы өңір әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде жазды.

«Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын!», — делінген хабарламада.

Оның өлім себебі айтылмайды.

Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысында дүниеге келген. 1986 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Целиноград инженер-құрылыс институтын, 2006 жылы заңтану бакалавры мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Кейінгі жылдары Қосман Айтмұхамбетов өңірлік даму вице-министрі, Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар