#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте медициналық қызметкерлерді акцияға қатыстырған бас дәрігер жазаланады

Түркістан облысының туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері дәрігерлерді акцияға қатыстырғаны үшін жазаланады.

Түркістан облысының туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері дәрігерлерді акцияға қатыстырғаны үшін жазаланады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Дәрігерлерді осындай қиын уақытта жұмыс уақытында мазалау қылмыстық озбырлық деп санаймын. Оқиғаның мән-жайы анықталған соң ол жауапкершілікке тартылады», — деп уәде берді Қалқаманов.

Еске салайық, мұның алдында Желіде Шымкентте коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұтуға жолдың бойына шыққан дәрігерлердің видеосы тараған.
Көптеген желі қолданушылар акцияның орынсыз екенін жазған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар