#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкенттік дәрігерлердің жаңа туған шақалаққа жасаған күрделі отасы сәтті өтті

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар аурухасының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасап, шақалақтың денесіне туа біткен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады.

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасап, шақалақтың денесіне туа біткен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады.

Сәбидің басындағы ісіктің көлемі үлкен болды, дейді мамандар. Оны ақ халаттылар бала анасының құрсағында жатқан 29-аптада анықтаған. Сондықтан мамандар отағы бала дүниеге келген соң үш тәуліктен кейін жасап, шақалақтың өміріне келген қауіптің алдын алды. Ота 3 сағатқа созылды және сәтті өтті дейді мамандар. Жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасаған дәрігерлер — Абдықадыров Мұхтар және Тансық Орынбасарұлы.

Айта кетейік, қалалық клиникалық балалар ауруханасында 5 төсек-орынға лайықталған нейрохирургиялық бөлімше биылғы ақпан айында ашылған болатын. Жыл басынан бері мұнда неврологиялық жүйесінің туа бітті ақауымен дүниеге келген 5 нәрестеге сәтті ота жасалып, барлығы сауығып, үйлеріне шығарылған.

Соңғы жаңалықтар