Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, «Мемлекет халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс»- деп айтты
– Осындай күрделі кезеңде мемлекет халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы қазіргі пандемия ахуалы жұмыспен қамту саласына, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайына айтарлықтай теріс әсер ететіні анық екендігін баса айтты. «Сондықтан министрлікке осы бағытта тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын», — деді ҚР Президенті.
Айта кетейік, видеобайланыс арқылы өтіп жатқан жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді.
Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылды.