Алматыдағы тергеу изоляторында өз қызын зорлап және оны өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған 42 жастағы Серік Р. өзіне қол салды, деп хабарлайды ADYM.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Шамамен бір апта бұрын, бейресми ақпарат көздерінен біз түрмелердің бірінде біздің басылымымыздың кейіпкері өзін-өзі өлтірді деген хабарды білдік. Бұл 42 жастағы Серік Р. туралы болатын. 2019 жылдың қыркүйегінде ол ең жоғарғы жаза — өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.
Еске салсақ, ер азамат мас күйінде 3 жасар қызын зорлап, оны 38 жерінен пышақтап, өлтірген болатын. Сот-медициналық сарапшылардың айтуынша, балаға тиген жарақаттардың көп бөлігі өлімге соқтырған. Қыз алғашқы соққылардан ауырсынудан және соққыдан қайтыс болды.
Бейресми ақпарат бойынша Алматыдағы абақтылардың бірінде жатқан Серік. Р. өзінің тамырын кескен.
Редакция сұрау жіберіп, Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен ресми жауап алды.
«Сотталушы Рахимбердиев С. шамның әйнегі арқылы сол қолы мен мойнын кесіп, өзіне қол салған. Алматыдағы тергеу изоляторының қызметкерлері жедел көмек көрсетті. Алайда жедел жәрдем оның қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Сотталған адамның денесі мен жеке заттарын тексеру кезінде суицид туралы жазба табылған жоқ.
Сотталған адамның қайтыс болуы туралы дереу марқұмның заңды өкілдеріне хабарланды. Сотқа дейінгі тергеудің барысы туралы мәселе қылмыстық-атқару жүйесінің құзыретіне кірмейді. Төраға орынбасары М. Аюбаев.»