#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Үздіксіз емнің нәтижесінде жасөспірімнің жағдайы жақсарды

Шымкентте 15 жасар жеткіншек 27 маусым күні жансақтау бөліміне өкпесі қабынып түскен болатын.

Шымкентте 15 жасар жеткіншек 27 маусым күні жансақтау бөліміне өкпесі қабынып түскен болатын. Қалалық клиникалық балалар аурухасынына жеткізілген науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.

Дәрігерлер өздігінен дем ала алмаған науқасты жансақтау бөліміндегі аппаратқа қосқан. Пациент оксигенотерапия және вирусқа қарсы терапия емін үздіксіз қабылдайды. Өкпесінің 50 пайызы зақымданған жасөспірім дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, үздіксіз емнің нәтижесінде жасөспірім оныншы күні жансақтау бөлімінен пульмонология бөлімшесіне ауыстырылды.

Қазір науқастың ентігуі жоқ, дене қызуының гемодинамикасы қалыпқа түскен. Денсаулық жағдайы жақсарған жасөспірімді медицина мамандары апта соңында ауруханадан шығаруға дайындауда.

Соңғы жаңалықтар