Бүгін Тбилисиден Алматыға гуманитарлық жүк келді, — деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
«Бүгін Тбилисиден Алматыға «Грузияның индустриялық тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвилидің атынан Нұр-Сұлтан медициналық мекемелері арасында таратылатын өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк жеткізілді.