#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында кортеж ұйымдастырғандар жазаланды

Түркістан облысында кортеж ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Түркістан облысында кортеж ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде жол қауіпсіздігі ережелерін бұзған кортеждің видеосы тараған еді. Тексеру кезінде видеоның Түркістан облысының Төлеби ауданында түсірілгені анықталды.

«Тәртіп бұзушылардың аты-жөнін анықтау мақсатында Төлеби аудандық полиция бөлімі барлық қажетті шараны жүргізіп, жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың Төлеби ауданынан Қазығұрт ауданына бара жатқанын белгілі болды», — деді полицейлер.

«Мерседес» жүргізушілері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы және 601-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Ал ВАЗ бен «Лада» автокөліктері енді айыппұл тұрағына жеткізіледі деді полицейлер.

Соңғы жаңалықтар