#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Министр БАҚ өкілдеріне «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін табыстады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бірқатар БАҚ өкілдеріне «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін табыстады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бірқатар БАҚ өкілдеріне «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін табыстады, деп хабарлайды ADYM.KZ inform.kz сайтына сілтеме жасап.

БАҚ қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында аталған төсбелгі «Қазақстан» ұлттық арнасы эфир саясаты анонс бөлімінің жетекшісі Мақпал Үкеноваға, «Хабар 24» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Қанат Базылхановқа, «Айқын» газетінің фототілшісі Айтжан Мұрзановқа «Казахстанская правда» газеті спорт бөлімінің редакторы Асқар Бейсенбаевқа, сондай-ақ Қазмедиа оталығы бас директорының орынбасары Райхан Әбдешеваға табысталды. Айта кетейік, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен еліміздің өңірлеріндегі сала мамандары марапатталады. Осы орайда отандық журналистиканың дамуына үлес қосқан және еңбек өтілі 30 жылдан асқан шын кәсіби мамандар қамтылған. Мереке қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары саласының 55 қызметкері ерекше төсбелгі иесі атанды.

 

Соңғы жаңалықтар