#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Нұрлан Алдамжаров Су ресурстары комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды ADYM.KZ  primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров 1975 жылы 12 қыркүйекте Ташкент қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Ташкент инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Ташкент қаласында «Ташоблмелиоводстрой» трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтажнигі болып бастаған.

Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен.

2008-2012 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекші маманы, бас маманы.

2012-2014 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары.

2014-2015 жылдары — ОҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары — «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары — Жамбыл облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Соңғы жаңалықтар