#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшеді

Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 21-Қаулысы шықты.

Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 21-Қаулысы шықты. Бұл шешімге орай Шымкент қаласының барлық аумағында карантин мен шектеу шаралары 2020 жылдың 22 маусымынан бастап, 2020 жылдың 6 шілдесіне дейін ұзартылды.

Әбдіманап Қошқарұлының жариялаған Қаулысына сәйкес Шымкентте келесі шектеулер енгізілді:

1) Жұмыс күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты (дүйсенбі – жұма) сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін шектелсін. Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын;

2) Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес, әмбебап, мамандандырылған оның ішінде мал және автокөлік базарлары) жұмыстары тоқтатылсын;

3) Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жеке орналасқан азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттері, кішімаркеттері және үй жанындағы дүкендерден басқа, барлық ірі сауда желілері (азық-түлік, азық-түлік емес), ойын-сауық орталықтары (оның ішінде орналасқан азық-түлік желілерді қоса), сауда орталықтары, сауда үйлері, фитнес орталықтар, бассейндер және спорт кешендерінің жұмыстары тоқтатылсын;

4) Кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің қызметі тоқтатылсын;

5) Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) әлеуметтік арақашықтықты және санитариялық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, көше форматында столдары ашық алаңда орналасқан қоғамдық тамақтандыру орындарын қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы тоқтатылсын;

6) Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) қала тұрғындарының көпшілік жиналатын орындарға, оның ішінде жиі жиналатын орындар, жаяу серуендеу орындары (көше), саябақтарға, скверлерге, жағалауға, алаңдарға, балалар және спорттық алаңдарына және туристік орындарға баруға шектеу қойылсын;

7) Қала тұрғындары, әсіресе, 65 жастан асқан тұлғалар мүмкіндігінше үйде отыру;

8) Мемлекеттік органдар, ұйымдар, ұлттық компаниялар мен офистер қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшіру (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);

9) Онлайн режимінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Жұмыспен қамту және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі таңертең сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін шектелсін;

10) Демалыс күндері жұмысы тоқтатылған нысандарда, оның ішінде қоғамдық көліктерде санитариялық профилактиқалық, санитариялық эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс шаралар жүргізілсін.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының аумағында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және санитариялық эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, келесі объектілер жұмысын қайта бастайды.

Атап айтсақ:
Шикі заттарды дайындау технологиясын сақтай отырып, жұмсақ балмұздақ сататын объектілер, оның ішінде сусындар, фасфудтар, піскен тағамдарды сататын дүңгіршектері 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесімен істесе, автожанармай кұю бекеттеріндегі кішімаркеттердің жұмысы тәулік бойы режимімен белгіленді.

Ал Шымкент қаласының полиция департаменті адам көп шоғырланатын орындарда шектеу шараларын сақтауға патрульдеуді ұйымдастыру талап етілді.

Сонымен қатар, Қаулыда Денсаулық сақтау басқармасына орай былай делінген:

1) Медициналық жедел жәрдем станциялары мен емханаларда call-орталықтарды ашу;

2) Медициналық жедел жәрдем станцияларының шұғыл және шұғыл шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;

3) Меншік нысанына қарамастан, Шымкент қаласында науқастарды қолда бар ресурстарды тарта отырып, КТ тексерумен қамтуды қамтамасыз ету;

4) Инфекциялық және провизорлық кереуеттердің талап етілетін санымен қамтамасыз ету;

5) Реанимациялық бөлімшелерді қысқа мерзімде қажетті деңгейге дейін толық жабдықтауды қамтамасыз ету;

6) Стационарларды медицина персоналымен, оның ішінде инфекционистермен, пульмонологтармен, реаниматологтармен, мемлекеттік емес сектор ресурстарын тарта отырып, орта медицина персоналымен толықтыру;

7) Үйдегі пациенттерге амбулаториялық-емханалық деңгейінде көмек: симптомсыз, ауырлығы жеңіл дәрежедегі және үй карантиніне, сондай-ақ, созылмалы аурулары бар отбасы мүшелеріне, әсіресе, егде жастағы пациенттерге сапалы динамикалық бақылауды (қашықтан, мобильді бригадалар) жүзеге асыру;

8) КВИ диагностикасы үшін қосымша ПТР зертханаларын, оның ішінде медициналық ұйымдардың базасында КВИ анықтауды ұйымдастыру;

9) Тестілеуді нақты белгілері бойынша ҚР БМСДҚ сәйкес өткізу;

10) Халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Соңғы жаңалықтар