Табиғатта демалуды қош көретіндердің тағдыры келеңсіз жағдайлармен аяқталмауы тиіс. Демалушылар бастысы сақтық шараларын естен шығармауы керек. Төлеби ауданы әкімдігі және Төтенше жағдайлар қызметкерлері өңір тұрғындарын және аудан қонақтарын барынша сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Ол үшін:
Туристік жол бағытқа шығар алдында Түркістан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағына немесе 112 құтқару қызметінің нөміріне хабарласып тіркелу қажет. Осы жерде жол бағытқа қатысты ақпарат алып, келетін уақытпен хабарласу уақытын белгілейсіздер.
Туристерге, тауға бір күнге шығар болса да, таудағы жүріс-тұрыс қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
— Ең бірінші кезекте жайлы киім мен аяқ киім таңдауға үлкен мән беру, өзімен бірге алған заттардың арасында міндетті түрде болуы керек: жылы киімдер, ұялы телефонға қосымша қуат көздері, қолшам және от жағуға арналған құралдар. Сонымен қатар GPS-бағдарлаушының да болғаны абзал.
САЯХАТ КЕЗІНДЕ:
• Жол жүру кезінде неғұрлым қауіпсіз жол бағытын таңдау керек, таңдалған жол бағыты ұзақ болса да;
• Жол жүрер алдында ауа райының қолайсыздығы мен мүмкін болған кедергілерді ескере отырып қауіпті тосын жағдайларды барынша бағалау керек;
• Уақытылы қауіпсіздік шараларын қолдана отырып тосын жағдайларға дайын болу және төніп келе жатқан қауіпті анықтай білу;
• Топпен ғана қозғалу керек, оның бөлінуіне жол бермеу;
• Қозғалыс жылдамдығын топтағы әлсізбен анықтау;
• Жол жүру бағытын қауіпсіздік мақсатында қысқартпау;
• Өткелдерден түңгі уақыт пен нашар көрініс кезінде (туман) өтпеу;
• Қауіпті аймақтардан, ағысы қатты өзендерден және жарықтардан сенімді сақтандыру құралдарының бар болуы кезінде ғана өту;
• Қауіпті жартасты аймақтардан сақтандыру шаралары мен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, аса қажеттілік жағдайында ғана өту.