#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Жазғы өрт қауіпті кезеңінде сақтық шараларын сақта!

Жазғы өрт қауіпті кезең басталған сәттен бастап, қала аумағында құрғақ шөптің жану фактілері жиілей түседі.

Жазғы өрт қауіпті кезең басталған сәттен бастап, қала аумағында құрғақ шөптің жану фактілері жиілей түседі. Әдетте, адамдардың абайсыз және немқұрайлы әрекеттерінің салдары құрғақ шөптің жануына себеп болып жатады.

Өткен демалыс күндері осындай өрт оқиғалары көптеп тіркелді. 8 жағдай орын алып, жанған құрғақ шөптердің жалпы аумағы 1,5 гектарды құрады.

Осыған байланысты, Шымкент қаласының ТЖ департаменті қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді. Атап айтқанда, тұтанған сіріңкелерді, темекі тұқылын құрғақ шөпке лақтырмау қажет. Үй айналасын мүмкіндігінше шөптен тазалап отыру керек. Қоқыстарды барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып ғана жағуға кеңес береді.

Сонымен қатар, демалыс орындарында от жағылған кезде, кетер сәтте су немесе құм сеуіп өшіріп кеткен жөн.

Үй шаруасында бөшкеге немесе басқа да ыдыстарға су қорын жинақтап, өрт сөндірушілер келгенге дейін алғашқы өрт сөндіру іс-әрекеттерін жүргізуге мүмкіндік жасаған жөн.

Соңғы жаңалықтар