#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Өргебас ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Мақтаарал ауданындағы су басқан Өргебас ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Елді мекендегі 195 үйдің 184-і 17 миллион теңге өтемақыны алу үшін келісім-шартқа тұрған.

Мақтаарал ауданындағы су басқан Өргебас ауылын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Елді мекендегі 195 үйдің 184-і 17 миллион теңге өтемақыны алу үшін келісім-шартқа тұрған.

Келісім-шарт бойынша 184 үйдің 182-не 17 миллион теңгенің 50%-ы аударылып, тұрғындардың басым бөлігі құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда 66 үйдің іргетасы қалануда және 8 үйдің қабырғасы өрілуде. Сонымен қатар, 1 үйдің шатыры жабылғалы тұр.

Бұдан бөлек, 50 үйдің құрылыс алаңы дайындалып, құрылыс жұмыстарын бастау үшін ретке келтірілген. Осы уақытқа дейін ауылда 130 үйге бұзу жұмыстары жасалған.

Жалпы 175 құрылысшы 17 ұжымға бірігіп, құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Өзбекстан Республикасы тарапынан өргебастықтарға 3 экскаватор, 1 камаз бен 30 адам көмек беріп жатыр.

Айта кетейік, Өргебас ауылы 1971 жылы құрылған. Елді мекеннің жер көлемі 1256 гектарды, оның ішінде егістік жердің көлемі 1203 гектарды құрайды. 1451 тұрғыны бар.

Ауылда 1 мектеп, 2 балабақша, 1 медицина пункті мен 1 полиция пункті бар. Сонымен қатар, 155 шаруа қожалығы, 1 мал бордақылау алаңы, 3 сауда нүктесі мен 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс жасайды.

Бүгінгі таңда мұнда 209 үйдің 184-інің иелерімен келісім-шарт түзіліп, 184 отбасына 8,5 млн теңге қаржы аударылған. Жалпы бүгінгі таңда бұзылған үй саны 145-ке жетіп отыр. Аталған 145 үйдің аумағы тазартылып, іргетасын құю жұмыстарына дайындалған. Ал 122 үй іргетасы құйылып, 31 баспананың қабырғалары қалануда.

Атқарылған жұмыстармен танысқан Өмірзақ Естайұлы үй құрылысын жылдамдату мен аулаларды қоқыстан тазарту, жол жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Айта кетейік, Өргебас ауылына Жетісай ауданы жауапты боп бекітілген болатын. Қазір мұндағы жұмыстарға 613 құрылысшы тартылған.

Мұнан соң облыс әкімі Фирдауси ауылына атбасын бұрды. Мұнда да құрылыс жұмыстары қарқын алған. Қазіргі таңда Фирдаусидағы 340 үйдің 277 баспана иелерімен келісім-шарт жасалып, бәріне дерлік 8,5 млн теңгеден аударылған. Мұнда бүгінде 133 үйдің іргетасы құйылып, 17 үйдің қабырғасы қалануда. Сондай-ақ, 1 үйдің шатыры жабылуда.

 

Соңғы жаңалықтар