#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында полицейлер сақтандыру төлемдерімен алаяқтық жасаған күдіктіні қолға түсірді

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтық жолмен бейтаныс адам оның үлкен көлемдегі ақшасын тартып алғанын жеткізді.

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтық жолмен бейтаныс адам оның үлкен көлемдегі ақшасын тартып алғанын жеткізді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша алаяқ оның сеніміне кіріп, жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан күйеуінің сақтандыру төлемдерін алу үшін көмек көрсетемін деп алдаған. Содан алаяқ ер адам өзінің атына сақтандыру сенімхатын ресімдеуге жесір әйелді көндіріп, өз шотына ақша түскен соң оны жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 5 миллион теңгеден асты. Осыған ұқсас арыздармен полиция басқармасына тағы бірнеше жәбірленуші келіп, көмек сұраған. Аталған жайттар ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша Сайрам аудандық ПБ-да тіркелді.

Қылмысты ашу мақсатында Сайрам аудандық полиция басқармасында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні жасырынып жүрген жерінен Алматы қаласынан ұстады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Бүгінгі таңда тергеу барысында күдіктінің жалпы сомасы 18 миллион теңгеден астам 4 алаяқтық дерегіне қатыстылығы анықталды. Белгілі болғандай, ер адам бір жоспар бойынша әрекет етіп, жәбірленушілердің сеніміне кіріп, жесірлеріне сақтандыру төлемдерін алуға көмектесуге уәде беріп, құжаттарын ресімдегеннен кейін өз шотына ақша аудартып, жасырынып жүрген.

Қазіргі уақытта алаяқтық жайттары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің басқа да алаяқтыққа қатыстылығы анықталуда. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ, қандай да бір мәмілелерді ресімдеу және құжаттарды ресімдеу кезінде мұқият болу керек. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, шұғыл «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Соңғы жаңалықтар