Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру,олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясын өткізуде.
Акция аясында Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Айгүл Қалиеваның ұйымдастыруымен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бас маманы Л.Омарова, «Ана үйі» координаторы Қ.Тунтекова, «Сана-Сезім» құқықтық әйелдер бастамалары орталығының өкілі Э.Еникеева, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін.
«Самғау сенім» орталығының мамандары М.Шарипова, Ж.Смайлова, психолог М.Утенова, «Медиация, құқық және психологиялық қолдау орталығы» маманы Н.Оразалиеваның қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбында бейне-роликтер көрсетілді. Сонымен қатар осы тақырыпта баяндамалар оқылып, талқылау мен пікір алмасу орын алды. Осы бағытта Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасымен тұрмыста жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы, сонымен қатар «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасындағы бейбітшілік» акциялары ұдайы өткізіліп тұрады.