#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Жыл соңына дейін 590 жаңа автобус әкелінеді

Қалада қоғамдық көлік саласының жұмысын жақсарту мақсатында маршруттар желісі жаңартылып, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы әзірленуде. Биыл жыл соңына дейін қалаға 590 жаңа автобус әкелінеді.

Қалада қоғамдық көлік саласының жұмысын жақсарту мақсатында маршруттар желісі жаңартылып, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы әзірленуде. Биыл жыл соңына дейін қалаға 590 жаңа автобус әкелінеді. Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрханов осылай деді.

– Бірынғай оператор болып анықталған «БРК-Лизинг» АҚ-мен түзілген келісімшартқа сәйкес, 2020 жылы сыйымдылығы үлкен, сығымдалған табиғи газбен (метан) жүретін 590 жаңа автобусты қаржылық лизингке алу көзделуде. Бүгінгі күні 70 автобус жеткізілді. Қалған автобустар қыркүйек, қазан айларында келеді. Ал қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесін енгізу жобасы «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады. Жүйені ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарлануда, – деді Абай Әбдіманапұлы.

Қазіргі таңда қаланың магистралды жолдарының 75,3 шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтып отыр. Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісі бойынша заманауи талаптарға сәйкес көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары автомобиль жолдары 2023 жылға дейін пайдалануға тапсырылады.

Қала жолдарында көлік кептелістерін болдырмау мақсатында, 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде: Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық 2020 жылдың жергілікті бюджетіне енгізілді Оған қоса Бәйдібек би – Арғынбеков – А.Назарбеков – Н.Назарбаев даңғылдары қиылысындағы жолайрықтың 1-кезеңінің ЖСҚ-сы әзірленіп, қала бюджетіне енгізілді. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар