#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте жылыту маусымына дайындық басталды

Шымкентте COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан ERG құрамындағы «3-Энергоорталық» АҚ жұмысын штатты режимде жалғастыруда.

Шымкентте COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан ERG құрамындағы «3-Энергоорталық» АҚ жұмысын штатты режимде жалғастыруда. Сала мамандары жылыту маусымын аяқтай салысымен бірден қысқы маусымға дайындығын бастап кетті. Биыл қондырғыларды күрделі жөндеуге 825,53 млн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған. Бұл туралы «3-Энергоорталық» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

– Орталықта қондырғыларды жаңартуға, қазандықтар мен турбиналарды ақаусыз техникалық күйде ұстауға күш жұмсадық. Мақсатымыз — Шымкентті жылу және электр энергиясымен сенімді және сапалы түрде қамтамасыз ету. Күрделі жөндеуге 825,53 млн теңге, ал ағымдағы жөндеулерге 250 млн теңге инвестицияланады, – дейді «3-Энергоорталық» АҚ Бас директоры Қайрош Оңғарбаев.

Станцияда қажетті сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер ұйымдар анықталған. Жөндеу жұмыстарына және қажетті материалдарды жеткізуге қатысты келісімшарттар түзілген.

Бүгінгі таңда, мердігер компания №1 қазандыққа, химиялық цехтағы тұзсыздандыралған және жартылай тұзсыздандырылған бакқа, сонымен қатар санитарлық-тұрмыстық орындарға күрделі жөндеу жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар