Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1 тармағының 13 тармақшасының негізінде, 2020 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №37 БМСДҚ «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» (әрі қарай-№37 ҚР БМСДҚ) қаулысына, 2020 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №39 БМСДҚ «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», коронавирусты инфекциясымен сырқаттанушылықтың Шымкент қаласында 7 күнде 3,7% өсуіне байланысты, халық арасында COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 8 маусымынан бастап 2020 жылдың 22 маусымына дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.
2. Қала тұрғындары, меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына карантин аяқталғанға дейін:
1) қоғамдық орындарында, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерінде және қызметі рұқсат етілген нысандарына барған кезде бетперделерді киіп, қолғаптарды киіп жүру (қызмет көрсету кезінде), антисептиктерді қолдану және әлеуметтік қашықтықтың сақталуы бойынша талаптар қатаң сақталынсын. Халыққа қызмет көрсету нысандары қосымша өз қызметкерлерін біррет қолданатын қолғаптармен және қажеттілігіне сәйкес ауыстыру қамтамасыз етілсін;
2) аса қажеттіліксіз қала аумағында қозғалу шектелсін;
3) меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдары, персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарын және шектеу шараларын сақтауға қатаң бақылау қамтамасыз етілсін.
3. Шымкент қаласының әкіміне, Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі жән автомобиль жолдары басқармасының басшысына, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысына, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына, Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелердің және үкіметтік емес ұйымдарының басшыларына, кәсіпкерлік субъектілеріне:
1) қоғамдық автокөліктерге жолаушылар бетпердесіз кіргізілмесін;
2) қалада қоғамдық автокөліктердің қозғалысы жолаушылардың ағымын ескере отырып қамтамасыз етілсін (час пик);
3) қалада қоғамдық автокөліктердің орындарынан артық жолаушылар тасымалданбасын;
4) қоғамдық көліктерде санитариялық-дезинфекциялық жұмыстар күшейтілсін;
5) Шымкент қаласының аумағындағы барлық базарларының (азық — түлік, азық-түлік емес, құрылыс тауарлары, автобөлшектер, автокөлік, мал базарлары) жұмыс уақытын сағат 06.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектесін;
6) қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін бекітілсін, орындықтарды орналастыру және басқада талаптардың қатаң орындалуы №37 БМСДҚ қаулының №17 қосымшасына сәйкес орындалсын;
7) кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдары меншік нысанына қарамастан карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарының орындалуы күшейтілсін;
😎 сауда-ойын орталықтарының, кешендерінің, сауда үйлерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар,балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың жұмысын бастауға жол берілмесін.
4.Шымкент қаласының денсаулық сақтау және білім беру басқармаларының басшыларына, Шымкент қаласының полиция департаменті бастығына:
1) денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, оның ішінде ҰБТ өткізілетін кезде карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптардың орындалуын күшейтуді қамтамасыз етілсін;
2) нысандарда және оларға қарасты аумақтарында адамдардың шоғырлануына жол берілмесін.
5. Шымкент қаласының әкіміне, Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың,ұлттық компаниялар және кеңселердің басшыларына 50% кем емес қызметкерлерді(штат бойынша 30 қызметкерден көп болғанда) қашықтан жұмыс жүргізу тәртібіне өткізуді №37БМСДҚ қаулының №23 қосымшасына сәйкес қамтамасыз етілсін.
6. Шымкент қаласының полиция департаменті бастығына, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті басшысына, Шымкент қаласының аудан әкімдеріне,Шымкент қаласының аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының басшыларына:
1) шомылу, демалыс орындарында адамдардың шоғырлануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдасын;
2) көпшілік іс-шараларды жеке үйлерде және басқада орындарда (жалға алынған орындар, алаңдар, аулалар және т.б.) өткізілуіне жол бермеу шаралары қабылдансын.
7. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласының аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының басшылары, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығы келесі жұмыстарды күшейтсін:
1) жұмысын қайта бастаған нысандарына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілсін;
2) карантин кезеңінде карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарының бұзылуын анықтап, әкімшілік шаралар, оның ішінде нысанның қызметін тоқтату туралы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шаракөрілсін.
8. Осы қаулы барлық мүдделі мекемелерге жолдансын, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы халыққа жеткізілсін.
9. Меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалармен қаулының орындалуы міндетті.
10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
11. Осы қаулы 2020 жылғы 8 маусымынан бастап күшіне енеді.
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А.Тулебаев