#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы тағайындалды

Сарыағаш ауданы әкімінің өкімімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болып Исмайлов Ержан Ережепұлы тағайындалды.

Сарыағаш ауданы әкімінің өкімімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болып Исмайлов Ержан Ережепұлы тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары М.Сейтимбетов бөлім қызметкерлеріне Ержан Ережепұлын таныстырды. Ержан Ережепұлы 1986 жылы Отырар ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2003 жылы «Барақ» автокөлік жөндеу шеберханасынан бастаған. 2004-2020 жылдары Отырар ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жылумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Отырар аудандық Әділет басқармасының басшысы. 2020 жылдың 30 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Сарыағаш ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы қызметінде болды.

 

Соңғы жаңалықтар