#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Көксәйекте бір жерден 2-3 өнім алу жобалары қарқынды жүргізілуде

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, ауданымызда ауыл шаруашылығы саласында бір жерден 2-3 өнім алу жобалары іске асырылуда.

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, ауданымызда ауыл шаруашылығы саласында бір жерден 2-3 өнім алу жобалары іске асырылуда, деп хабарлайды ADYM.KZ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған бағытта Көксәйек ауылдық округіндегі «Жубаев» шаруа қожалығы 6 га жерге қарбыз, қызанақ, қияр дақылдарын еккен. Тамыз айында дақылдар алғашқы өнімін береді деп күтілуде. Айта кетері, егістікте 2-ші өнімге күздік картоп егу жоспарланып отыр. Сонымен қатар округтегі «Сенбек» шаруа қожалығында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мұнда 8 га егістікке ноқат дақылы егілген. Ноқат дақылы өнімін жиналғаннан кейін 2-ші өнімге күздік картоп егілетін болады. Көксәйекте айтпай кетуге болмайтын бір керемет жоба бар. «Керемет Агро Груп» ЖШС-гі жалпы 75 гектарга қарқынды бау өсіріп отыр. Серіктестік 2020 жылдың сәуір айында бауға 21 мың түп «Гала» сортты алма көшеттерін отырғызып, күтіп-баптаумен айналысуда. Өнімділікті арттыру мақсатында тамшылатып суғару әдісі қоданылады. Қазіргі таңда 40 азамат жұмыспен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауыл округіндегі «Баймырза» шаруа қожалығы 3 гектар алқаптан жылына екі рет өнім алуда. Серіктестің меңгерушісі Ахледдин ЗАИРОВ биыл 1 гектарға — қызанақ, 0,5 гектарға — қияр, 1,5 гектарға — картоп және сәбіз еккен. Қожалықта 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Маусымдық кезеңде қосымша 8-10 адам жұмысқа тартылады. Бүгінгі күнге шаруа қиярдан 4 тонна өнім алып, жергілікті сауда орындарына саудаға шығаруда. Жиналған қияр орны қайта өңделіп, 2-өнім ретінде күздік қияр дақылы егілетін болады. Сонымен қатар, картоп пен қызанақ жинау жұмыстары басталған.

 

Соңғы жаңалықтар