#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте мемлекеттік қызметкер тергеуге алынды

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде ұсыну қаралды.

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде ұсыну қаралды. Аталған мемлекеттік қызметші төтенше жағдай кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатушысынан базар аумағына кіргізген әрбір ет өнімі үшін заңсыз ақшалай сыйақы алып отырған.

Одан бөлек, ол тұрғынның шынжыр табанды трактор техникасын тіркеу үшін және ауыл шаруашылық техникасын жүргізу куәлігін ауыстыруға осы басқарманың бас маманы арқылы ықпал етіп, өзінің әрекеті үшін 50 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алған деп күдіктелуде. Тергеу барысында ол жасаған қылмыстық құқықбұзушылық әрекетін толығымен мойындаған.

Бүгінгі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауда. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала әкімі аппаратының, сонымен қатар қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге Департамент басшысы А.Жұмағали мен оның орынбасарлары Т.Серікбаев, Б.Ұзынжас және қала әкімінің орынбасары М.Исахов, әкім аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов, әкімдік қызметкерлері мен ауыл шаруашылығы басқармасының ұжымы қатысты.

Соңғы жаңалықтар