#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Сайрамда шаруа қожалықтарының жұмысы жандануда

Сайрам ауданында жаздық маусымда жиналатын көкөніс пен жеміс-жидек дер кезінде сатылымға шығарылуда. Ауданда шаруа қожалықтарының жұмысы жылдан жылға жанданып келеді, , деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Аудан әкімі Уласбек Садибеков Манкент, Қарамұрт Ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, бүгінгі таңда негізгі тақырыпқа айналған көкөністерді саудаға шығару жағдайымен танысты. «Камран» шаруа қожалығына тиесілі жер телімінде кәсіпкер құлпынай, таңқурай, картоп өсірумен және мал бордақылаумен айналысады.

Диқандар құлпынайды дер кезінде сатуда қиындық болмағанын, тек ауа-райының қолайсыздығынан өнім жылдағыдан аз болғанын баяндады. Аққала елді мекенінің мақтанышы — «Шерзад-1» сүт бағытындағы ірі қара және мал бордақылау шаруа қожалығы. Кәсіпкер бұл шаруаны 2008 жылы 10 сиырмен бастап, бүгінде сауын сиырының өзін 127 басқа жеткізе алған.

Ал Қарамұрт ауылдық округі Низамабад елді мекеніндегі «Озай Зеки» ЖШС-гі сүтті қайта өңдеуді кәсіп еткен. Сапар барысында аудан басшысы «Ибтикар» өсімдік майын сығу цехы мен «Южанка-5» ЖШС жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдеу цехына ат басын бұрды. Кәсіпкерлердің және ондағы жұмыспен қамтылғандардың жағдайын біліп, тағы нендей қолдау қажеттігін сұраған аудан басшысына «Южанка-5» ЖШС директоры Ольга Сергеевна Сайрам ауданынан фирмалық дүкенін ашуға қолдау көрсетуді сұрады.

Бұл сұрақты орынды деп білген аудан басшысы кәсіпкерлік бөлім басшысы мен Қарамұрт ауыл округінің әкіміне мәселені шешу жолдарын қарап, нақты ұсыныс жасауды тапсырды. Жұмысшы топ мектептердің әжетханасын өзектендіру, жол құрылысы және орталық көше бойындағы кәсіпкерлік нысандардың қас беттерін ретке келтіру мәселелерін де назарға алды.

Соңғы жаңалықтар