#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Шымкент: Шетелден тәжірибе алмасу үшін медицина мамандары келеді

Шымкент қаласы əкімдігінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаевтың қатысуымен бүгінгі эпидемиологиялық ахуал жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, Рустам Қуанышбекұлы қаладағы...

Танымал қазақстандық дизайнер қайтыс болды

Қазақ сән өнерін кәсіби деңгейге көтеріп, өз мектебін қалыптастырған танымал қазақстандық дизайнер Берік Ысмайылов дүниеден озды.  Атақты дизайнер Берік Ысмайлов ағадан айырылып қалдық. Көп жыл туған...

Өмірзақ Шөкеев қатаң карантиндік шектеу іс-шараларын сақтауды ескертті

Коронавирус Түркістан өңірінің барлық әкімшілік аумақтарында тіркелді. Өңірде соңғы бір аптаның ішінде 360 адам осы індетке шалдыққан. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің...

Президент халықты қолдаудың қосымша шаралар пакетін дайындауды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет пен Ұлттық банкке жағдай ушыққан жағдайдағы халық пен салаларды қолдаудың қосымша шаралар пакетін әзірлеуді тапсырды. – Біз...

Туған күніңмен, елорда!

Бүгін қазақстандықтар астанамыз - Нұр-Сұлтан қаласының мерекесін атап өтеді. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру...

Түркістан облысында ауыл тұрғынынан 130 түп марихуана тәркіленді

«Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларымен бірлесе отырып, құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің кезекті егістігін жойды. Жедел-іздестіру...

Шымкентте инвестордың көмегімен ашылған провизорлық орталықтан 200 науқас емделіп шықты

Шымкент қаласында инвестор көмегімен ашылған стационарда алғашқы он күнде 344 науқас жатқызылып, олардың 200-ге жуығы емделіп шықты. 400 төсек-орындық ЖРВИ және пневмониямен күдікті науқастарға...

Түркістан: Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына Тимур Арсенұлы Нахыпбеков басшы болып тағайындалды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына Тимур Арсенұлы Нахыпбеков басшы болып тағайындалды. Осыған дейін Тимур Нахыпбеков ҰКП өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры қызметін атқарған.

Тимур Нахыпбеков 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «заңгерлік» мамандығында оқыған. Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне де ие.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысымен күрес департаментінде инспектор ретінде бастаған.

2009 жылдан бастап «ҚТЖ» ҰК»АҚ «Шымкент жол бөлімшесі» филиалының заң консультанты, заң секторы бастығының м.а. қызметін атқарды.

2013 жылы «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы филиалының әкімшілік кедергілер жөніндегі бас сарапшысы қызметінде болған.

2013 жылдың қараша айынан 2017 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында түрлі лауазымдық қызметтерде еңбек етті. Ең алдымен –бас сарапшысы, одан кейін сервистік қолдау, құқық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімдерінің басшысы, директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы «Агробіліктілік орталығы» ЖШС директорының орынбасары.

2017-2018 жылдарда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аппаратының жетекшісі, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып еңбек еткен.

2018 жылдан 2020 жыл аралығында Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымында болған.

2020 жылдың ақпан айынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҰКП өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Қала бойынша жедел жәрдем шақыртулары азайды

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен Шымкент қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша арнайы штабында айтылды. Жиын барысында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар...

Шымкент қаласына пневмония мен COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Беларусия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті. Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шарт...

«Nur Otan» партиясының мүшесі 1 миллион 400 мың теңгенің аппаратын сыйға тартты

Әрдайым қайырымдылықтың басында жүретін елдің бас партиясы « Nur Otan» бүгінде игі іс жасады. Атап айтар болсақ парти мүшесі белгілі кәсіпкер Жетісайдың тумасы «Таймас»...

Түркістан: Бас дәрігерлер «Nur Otan»-да онлайн қабылдаулар өткізеді

Онлайн - қоғамдық қабылдау мақсат – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықпен тікелей байланыс орнату тапсырмасын жүзеге асыра отырып, жұртшылыққа бүгінгі ахуалды баяндау. Қоғамдық қабылдауға Түркістан...

Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін жұмыстар жүргізілуде

Бұдан бөлек, қаладағы сегіз фармкомпанияға шетелден біржолғы тасымалмен дәрі әкелу бойынша рұқсат беріліп отыр. Қазіргі таңда Украина елінен дәрілердің алғашқы легі ұшақпен Алматыға келді. Енді...

Шымкент әкімдігі Айжанның анасының өліміне қатысты арнайы комиссия құрды

Денсаулық сақтау министрлігі болған жағдайға байланысты оны анықтауға тапсырма берген. «Біз ішкі тергеу жұмыстарын жүргіземіз» деп уәде берді департаменттің баспасөз қызметі. Жазба жариялағаннан кейін Шымкент әкімінің...

Шымкенттік дәрігерлердің жаңа туған шақалаққа жасаған күрделі отасы сәтті өтті

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасап, шақалақтың денесіне туа біткен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады. Сәбидің басындағы ісіктің көлемі...

Айтыскер Мұхтар Ниязов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің келісімі негізінде Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2020 жылғы 10 шілдеден бастап Ниязов Мұхтар Мәуленұлы қалалық мәдениет және тілдерді...

Шымкент: Шетелден тәжірибе алмасу үшін медицина мамандары келеді

Шымкент қаласы əкімдігінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаевтың қатысуымен бүгінгі эпидемиологиялық ахуал жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, Рустам Қуанышбекұлы қаладағы...