#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

150-ден астам жылқы мен сиыр ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

Түркістан облысы ПД-нің Криминалдық полиция қызеткерлері, яғни жедел уәкілдер Түркістан және Кентау қалаларының аумағында мал ұрлығымен айналысып жүрген қылмыстық топты құрықтады.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков брифинг өткізіп, Түркістан облысының полицейлері 70 миллионнан астам теңге тұратын 150-ден астам жылқы мен сиыр ұрлаған қылмыстық топтың ұсталғанын атап өтті.

Генерал Қайрат Дәлбековтің айтуынша, Түркістан облысы ПД-нің Криминалдық полиция қызеткерлері, яғни жедел уәкілдер Түркістан және Кентау қалаларының аумағында мал ұрлығымен айналысып жүрген қылмыстық топты құрықтады.Ағымдағы жылдың сәуір айында Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан малы ұрлағаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы толық құрамда шықты. Жәбірленушінің айтуымен полиция қызметкерлері, оның 20-дан астам жылқысы жоғалып кеткенін анықтады. Аталған жайт СДТТБТ-ға 188-1 бап «Мал ұрлығы» 4-бөлігі бойынша тіркеліп, полицейлер шұғыл іздестіру іс-шараларына кірісті. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, көрген адамдар мен ауылдықтардан сұрастырып, мал тасымалдайтын автокөлік және үй малдарын сатып алатын орындарды мұқият тексеріп шықты. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері Түркістан қаласы мен Кентау қаласының 5 күдікті тұрғынын, оның ішінде ұрланған малдарды сатып алушыны да ұстады. Тергеу барысында барымташылардың 125 жылқы мен 30 бас ірі қара малын ұрлауға қатысы бар екендігі анықталды. Бүгінгі таңда 2017-2020 жылдар аралығында мал ұрлығының 19 жайтына қатысы бары белгілі болды.Полиция қызметкерлері аталған қылмыстық топтың ұйымдасқан түрде қылмыс жасағанын сеніммен айта алады. Қылмыстық топтың құрамындағы ұрылардың әрқайсысы өзіне жүктелген міндеттерді орындаған. Кейбіреуі мал жайылымнан мал ұрлап алып шықса, басқалары оларды қора-жайларға жайғастырып отырған, ал үшіншілері ұрланған малдарды сатқан немесе сойып етін өткізіп жүрген. Күдіктілердің үйін тінту кезінде тәртіп сақшылары 18 бас жылқы мен 9 сиырларды тауып, тәркілеп , оларды заңды иелеріне қайтарды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 70 миллионнан астам теңгені құрады. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас мал ұрлығы деректеріне қатыстылығын анықтауда.Өз кезегінде, полиция қызметкерлері Түркістан облысының тұрғындарына қырағы болуға және малдарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ өзінің шаруашылық аулаларын және аулаларын сенімді қоршаумен нығайтып, жарықтандыру керек. Үй малына ен-таңбаларын салдыруды ұмытпаңыз. Үй жануарлары жоғалған немесе ұрланған жағдайда тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабар беріңіз. ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар