#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Түркістан облысында мұнай мен көмірді терең өңдеу өндірісі іске қосылады

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында мұнайды терең өңдеу арқылы,мұнай-химия және көмірхимиялық комбинат өнімдері алынатын екі жоба жүзеге асырылады. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев ауданға жұмыс...

Мақтаарал: Үш баспананың іргетасын құю жұмыстары басталды

Мақтаарал ауданындағы топан су басқан Жаңажол ауыл округіне қарасты Өргебас ауылында алғашқы бір үйдің қабырғасы қаланып, үш баспананың іргетасын құю жұмыстары басталды. Осындағы жұмыстарға...

Мақтааралда 4 бірдей мемлекеттік әкімшілік лауазым иелері тағайындалды

ҚР-ның "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5...

1 маусымнан бастап блок-бекеттер алынып тасталады

Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымдағы қалалар арасындағы кедергілерді алып тастау туралы шешіміне сәйкес, 5 маусымнан бастап тасымалдауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады, деп хабарлайды ADYM.KZ...

Шымкент: «Бастау бизнес» жобасы аясында тегін оқыту курстары басталады

2020 жылдың 10 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталады. Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып,...

Шымкент қаласы және Түркістан облысы аумағында сапасыз жанар-жағар майларды сату деректері тіркелді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі Комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің жұмыс бағыттарының ішінде басымды болып мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы деректерін анықтау және...

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты

28 мамыр шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында “Нексия” және “Лада-Vesta” маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты. Аталған жол-көлік оқиғасы...

Түркістан облысында «Қару» жедел-профилактикалық шарасы басталғалы 20-ға жуық қару алынды

Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің бұйрығы негізінде облыс аумағында 20-22 мамыр аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің бұйрығы негізінде облыс аумағында 20-22 мамыр аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған алдын алу іс-шарасының 2 күнінде тәртіп сақшыларымен 18 дана қару, оның ішінде 17 аңшы қару мен 1 травматикалық тапанша алынды. Оның арасында 13 аңшы қаруы мен 1 травматикалық тапанша тәркіленіп алынса, 4-дана аңшы қаруын тұрғындар өз еркімен тапсырған. Одан бөлек, 11 дана тегіс ұңғылы қарудың оғы тәркіленді. 8 дана ойық ұңғылы қарудың оғын азаматтар өз еркімен тапсырды. Тәркіленген, ерікті түрде тапсырылған 18 дана заңсыз қару Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы және ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларымен алынды.

Облыс аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 тәулігінде 3000-нан астам қару иелері тексеріліп, нәтижесінде 122 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оларға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің екі бабымен жауапкершілік қаралды. 482-бап «Заңсыз қару сақтау» бойынша 12, 484-бап «Қарудың сақтау ережелерін бұзу» бойынша 110 құқықбұзушылық анықталып, хаттама толтырылды.
Мысалы, 21.05.2020 жылы Ордабасы ауданындағы тоғайдан 2 дана яғни ИЖ-17 маркалы 1 ұңғылы 16 калибрлі және ИЖ-18 маркалы 16 калибрлі 1 тегіс ұңғылы аңшы қаруын заңсыз алып жүрген тұрғын анықталып, қарулар айғақты зат ретінде алынды.
Сондай-ақ, 21.05.2020 жылы Кентау қаласының тұрғыны Хантағы ауылында өзен бойымен жылқы іздеп жүргенде аңшы қаруын тауып алғанын айтып, өз еркімен тапсырған. Тексеру кезінде ол еш жерде тіркеуде жоқ «ИЖ» маркалы 16 калибрлі қос ауызды тегіс ұңғылы аңшы қаруы болып шықты.

Оған қоса полицейлердің «ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасы жайлы түсіндірме жұмыстары арқасында, кейбір тұрғындарымыз өз еркімен заңсыз қаруларын, оқ-дәрілерін тапсырған. Мәселен, Сайрам ауданы тұрғыны бұрын өз үйінен тауып алған, ойық ұңғылы қаруға арналған, 8 дана оқ-дәрілерді өз еркімен өткізген.
Атап өтер жайт, аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты — Түркістан облысы аумағында заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздерін анықтауға, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау және оларды жоюға, қаруды заңсыз сақтау мен алып жүруімен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қарумен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу, жедел жағдайды тұрақтандыру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда біртұтас туристік тәжірибе қалыптастырылады

Киелі Түркістан шаһарына келушілерге барлық жағдай жасалады. Әр саяхаттаушы келер алдында онлайн таңдау жасай алады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан...

Ө.Шөкеев: Жаңбырлатып суғару әдісін елімізде кеңінен ендіру қажет

Түркістан облысында көктемгі егістік жұмыстары толығымен аяқталды. Ендігі мақсат – егістікті әртараптандыру. Яғни, дәстүрлі мақта, масақ дақылдарын азайтып, олардың орнына көкөніс, мал азығы мен...

Мақтаарал ауданындағы апат салдарын жою жұмыстары қатаң бақылауда

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте апат салдарын жойып, қалпына келтіру жұмыстарының барысы баяндалды....

Шұғыл: Қырғыз бен өзбек қақтығысып қалды

Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан шекарасында екі ел азаматтары арасында қақтығыс болып, бірнеше үй өртеніп, біраз адам жараланған. Бұл туралы Adym.kz ақпараттық сайты malim.kz  сайтына...

Шығыстану институтына жаңа басшы тағайындалды

Дүкен Мәсімханұлы бұған дейін Л.Гумилев атындағы «Еуразия» университетінде ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен. Университет жанындағы Қытайтану институтын қоғамдық негізде басқарған білікті маман алып көршімізбен...

Шымкент қаласында 30 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды

1959 жылғы азамат Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының тұрғыны. 61 жастағы азамат 19 мамыр күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық...

Шымкент: Жыл басынан бері 48 бала баспанамен қамтылған

Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі 1698 балалар тұрғын үй кезегінде есепте тұр. Оның ішінде кәмелетке толмаған балалар саны – 589-ды құрайды. Бұған дейін...

Мас хәлде көлік жүргізген адам бас бостандығынан айырылды

Кентау қаласында мас хәлде көлік жүргізген адам 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол көлік жүргізіп келе жатып полицейлерге ұсталғанда үш жылға автомобиль...

Шымкент қаласы және Түркістан облысы аумағында сапасыз жанар-жағар майларды сату деректері тіркелді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі Комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің жұмыс бағыттарының ішінде басымды болып мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы деректерін анықтау және...