#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында COVID-19 пандемиясын және оның салдарын жою аясында БҰҰ мен Қазақстанның қабылдаған нақты іс-шаралары талқыланды

Әңгімелесу барысында COVID-19 пандемиясын және оның салдарын жою аясында БҰҰ мен Қазақстанның қабылдаған нақты іс-шаралары талқыланды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш азаматтардың денсаулығын сақтау, халықтың жағдайы төмен топтарына қаржылай көмек көрсету, бизнесті қолдау және дағдарыстан кейінгі кезеңдегі жаңа экономикалық бағытты айқындау мақсатында Қазақстанның қабылдаған шараларын құптап, Қасым-Жомарт Тоқаевты «COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландырудың жоғары деңгейдегі сегменті» атты форумға қатысуға шақырды.

Мемлекет басшысы 28 мамырға жоспарланған форумға қатысуға келісім берді. Сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың тілектестік рухы мен бірлескен іс-қимылдары адамзаттың пандемияның кешенді қаупін еңсеріп, БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар