#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

МӘМС: ПТР тесттен кімдер тегін өтеді?

КВИ бойынша ПТР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді.

КВИ бойынша ПТР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Айта кетерлігі, бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайды. Жалпы, стационарларға — 1,7 млрд теңге, консультациялық–диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға — 3,7 млрд теңге қаралды. Аталмыш қызметтерді көрсететін медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Лаура Сапарбекова мәлімдеді.

Өңірлер үшін тестілердің қажетті санын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын болады. Қазіргі уақытта COVID-19-ға зерттеу жүргізетін 600-ден астам медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасалды. Қор тарапынан сәуірде медициналық ұйымдарға алғашқы транш жіберілді.
Сонымен төмендегі санаттар тегін тест тапсырады:
— COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;
— ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар;
— КВИ жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар;
— стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;
-тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;
— шетелден келгендер;
-коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері;
-жүкті әйелдер т. б.
Сонымен қатар, Қорда ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПТР-зерттеулер жүргізіледі. Олар:
— КВИ жұқтырғанмен байланыста болған адамдар;
— арнайы контингентке (респираторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар);
— әскерге шақырылушыларға және т.б.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ COVID-19 алдын алу бойынша іс-шараларға республикалық бюджет қаражатынан 55,9 млрд теңге қарастырды. Оның ішінде, инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардағы төсек орында бір күн бойына науқастарды емдеуге 14,7 млрд теңге, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша іс – шараларға тартылған медицина қызметкерлері еңбекақысының үстемеақысына 35,8 млрд теңге, диагностикалық зерттеуге (ПТР – тесттер) — 5,4 млрд теңге қаралды.

Соңғы жаңалықтар