#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүгедектік анықтама мерзімдері ұзартылды

Түркістан облысы бойынша қайта куәландырудан өтуі тиіс 1690 азаматтың мүгедектік анықтамаларының мерзімі орталықтандырылған база бойынша тамыз айына дейін ұзартылды.

Түркістан облысы бойынша қайта куәландырудан өтуі тиіс 1690 азаматтың мүгедектік анықтамаларының мерзімі орталықтандырылған база бойынша тамыз айына дейін ұзартылды. Барлық жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау шаралары да 3 ай бойы көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдер бұрын тағайындалған мүгедектік топ пен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бойынша төленеді.

Бұл шара адамдардың көп шоғырлануы мен азаматтардың инфекция жұқтыру қаупін сейілдіру үшін және карантин шараларын сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Жалпы, облыста 94 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар есепке алынған. Барлығы мемлекеттен кепілдендірілген жәрдемақылармен толығымен және уақтылы қамтамасыз етіліп келеді.

Айта кету керек, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы кезең-кезеңімен енгізілуде. Бұл ретте, мүгедектігі бар тұлғалар өздерінің жеке қажеттіліктеріне сүйене отырып оңалту құралдары мен қызметтерін өздері таңдауға мүмкіндік алды. Порталда тұтынушы неғұрлым қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған жағдайда, өз тараптарынан үстінен қосымша төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар