#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Маңғыстауда карантин режимі ұзартылды

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5090-ға жетті.

Маңғыстау облысында коронавирусқа байланысты карантин 3 сәуірден бастап енгізілген еді. Кейін 30 сәуірге дейін ұзартылды. Содан кейін оны қайтадан 11 мамырға дейін ұзартты.

Аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Садымановтың жаңа қаулысына сәйкес карантин және шектеу іс-шаралары 2020 жылдың 25 мамырында сағат 07:00-ге дейін ұзартылады.

25 мамырға дейін халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін автомашиналардан басқа, азаматтардың Маңғыстау облысына келуіне және шығуына тыйым салынады.

Халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін автомашиналарды (азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын жүк және жеңіл автомашиналар, дәрі-дәрмек құралдары, сондай-ақ ТЖ режимінде іске қосылған мамандандырылған және қызметтік машиналар) қоспағанда, облыстың қалалары, аудандары арасындағы қозғалысқа тыйым салынады.

Жұмысқа шығу міндетті түрде масканы киюмен 1,5-2 метр қашықтықты сақтай отырып — таңертең сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және кешке сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін (жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда) рұқсат етіледі.

Қаулы аймақта ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық іс-шараларын өткізуге, сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, фитнес-клубтардың және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің, діни объектілердің қызметіне тыйым салынады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5090-ға жетті. 31 адам қайтыс болған және 1941 адам айықты.

Соңғы жаңалықтар