Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам туралы ақпарат (02.05.2020 жылғы сағат 14:00- дегі мәлімет бойынша)
Вирус жұқтырған 1989 және 1971 жылы туылған азаматшалар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қалада коронавирустық инфекция жұқтырған жалпы 206 жағдай тіркелген.