#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ШҚО-да орман өртінің аумағы ұлғайды

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы аумағындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өртті ауыздықтауға Ұлттық ұлан сарбаздары аттанды.

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы аумағындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өртті ауыздықтауға Ұлттық ұлан сарбаздары аттанды.

ШҚО-дағы өртті сөндіру үшін Көкшетаудан МИ-26Т алып тікұшағы ұшып шықты «Бүгін  Ұлттық ұланның «Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 68303 әскери бөлімінің механикаландырылған құтқару отряды Бесқарағай ауданына жол тартты. Ұлттық ұланның 70-тен астам құтқарушылары мен 8 арнайы техникасы ТЖД құрамымен бірге Байдәуле орман шаруашылығы ауданындағы өртті сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған», — дейді ҰҰ «Шығыс» ӨҚ баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ШҚО-дағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт шыққаны хабарланған. Бүгін аталмыш аймаққа Көкшетаудан МИ-26Т алып тікұшағы ұшып шыққандығы жазылды.

Соңғы жаңалықтар