Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам туралы ақпарат
Вирус жұқтырғандардың 5-еуі Шымкент қаласының тұрғындары: 1977ж, 1984ж, 1988ж, 2015ж, 2016 жылғы. Сондай-ақ вирус анықталған 1977 жылғы азаматТүркістан облысы, Сайрам ауданының тұрғыны . Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
23.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 139 адам анықталды.