«Семей орманы» резерват аумағында өрт басталды, — деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
23 сәуір сағат 15:00-де Байдәулет орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының Долон филиалында төмен деңгейдегі орман өрті жоғары деңгейге көшті.
Алдын ала болжам бойынша, өрт аумағы — 100 гектар.
«Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдай департаментінің күштері мен техника тартылып жатыр. 15:35-те өрт аумағына Өскеменнен суағар құрылғысы бар Ми-8 тікұшағы жіберілді»,-делінген хабарламада.
Өртті алауыздықтауға 26 өрт сөндіру көлігі, 4 орман өрті кешені, 3 аспалы жабдығы бар трактор, екі патрульдік машина, бір МИ-2 тікұшағы және 75 адам жұмылдырылды.