1 миллионға жуық қызметкер жарналар мен аударымдардан босатылды Шағын және орта бизнестің субъектілері 2020 жылдың 1 қазанына дейін, ал ірі бизнестің кейбір субъектілері 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылды. Мұндай шараларды мемлекет төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін қабылдады.
«Яғни, олар жұмыс беруші ретінде 2% мөлшерінде аударымдарды төлемейді, сондай-ақ өз қызметкерлерінің жалақысынан 1% жарналарды ұстамайды. Осылайша, 1 миллионға жуық азамат МӘМС ақы төлеуден босатылды – бұл осы салалардағы қызметкерлердің жалпы саны. Алайда, олардың барлығы қажетті медициналық көмекті толық көлемде алуы тиіс, олар үшің Қор төлейді», – деді, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.
Салықтар мен әлеуметтік төлемдерге «нөлдік» мөлшерлемені қолданатын субъектілердің тізімі бекітілді. Бұл сауда, көлік және техникалық қызметтер, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, ойын-сауық, бағдарламалық қамтамасыз ету және фитнес субъектілері.Қауылда көрсетілген санаттарға кірмеген бизнестің субъектілеріне МӘМС жарналар мен аударымдарды төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін шегерілді. Жеке кәсіпкерлер де жеңілдік алды. Оларға 2020 жылдың 1 қазанына дейін өз қызметкерлері үшін аударымдарды төлеудің және жалақыларынан жарналарды ұстаудың қажеті жоқ. Алайда, өзі үшін төлеу керек – төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылған.
«Заң жарналар мен аударымдардан бас тартуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан 1 қазанға дейін бизнестің субъектілерінде төленбеген кезең бойынша қарыз пайда болады. Осыған байланысты «босатылған» кызметкерлерге қарызды есептемейтін заңды нормасын енгізу туралы ұсыныстарға Қор бастамашылық болып отыр. Қазіргідей қиын кезеңде Қор азаматтарға осылайша қолдау көрсеткісі келеді. Қазір бұл өзгертулердің өңдеу жұмыстары жүргізілуде, оларды үкімет қарайды», — деді, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.