#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматы қаласының Криминалдық полиция басқармасының басшысы қызметінен босатылды

Алматы қаласының Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин қызметінен босатылды.

Алматы қаласының Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин қызметінен босатылды. Кеше Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев видеоконференцияда осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Азаматтарды қауіпсіздік пен құқықтық тәртіппен қамтамасыз ету ішкі істер органдарының негізгі міндеті болып қала береді. Төтенше жағдай режимі мен карантин кезінде ереже бұзуға жол берілмейді, әсіресе жеке құрамдағы қызметкерлерге. Мұны барлығы есте сақтау керек — қатардағы қызметкерлер мен олардың басшылары», — деді министр.
м9
Алматыда төтенше жағдай кезінде блокбекеттен заңсыз өткен бес адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық төрт қымбат көлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Екі адам іздестіріліп жатыр.
Сондай-ақ, министрлік мәліметінше, Криминалдық полиция басқармасының басшысы Зиадин мен патрульдік полиция полк командирінің орынбасары Қуанышбаев қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар