#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Полицейлер бір отбасыны өрттен құтқарды

Қызылорда облысында полицейлер мен Ұлттық ұлан сарбаздары тұрғындарды өрттен құтқарды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының инспекторы Нұрлан Қарлыбаев және ҚР Ішкі істер министрлігінің №5547 Ұлттық ұлан сарбаздары Кирилл Лосицкий, Нияз Дәулет өз қызметтерін атқарып жүрген болатын. Қызметін атқару барысында олар Тәуелсіздік даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдің 2 қабатындағы балконнан қалың түтінді байқады. «Олар шұғыл қызметке хабарлап үлгерді. Одан кейін дереу пәтерге кіріп, тұрғындарды балаларымен бірге қауіпсіз жерге шығарады. Содан кейін өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті сөндіруге кірісті. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Мән-жайларды анықтау үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Тұрғындар тәртіп сақшылары мен сарбаздарға алғысын білдірді», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар