#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Коронавирусқа шалдыққан 9 азамат үйіне шығарылады

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бір отбасыдан 9 азамат сауығып, үйіне шығарылады.

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан бір отбасыдан 9 азамат сауығып, үйіне шығарылады. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді.

Дертінен сауыққандар — 2 бала, олардың біреуі — 1 жасқа дейінгі бала, жетеуі — ересек. Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсетті, денсаулық жағдайлары жақсарған.

Айта кетейік, ауруынан сауығып шыққан науқастар медициналық қызметкерлердің уақытылы көмек көрсетуінің арқасында емделді.

Осыған байланысты Шымкентте карантин 3 ошақтан алынады. Олар: Тайманов көшесі, Төреқұлов көшесі және Мақталы көшесі.

Соңғы жаңалықтар