#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жетісайлық диқандар 50 тонна қырыққабатты Ресейге жөнелтті

Жетісай ауданы Ералиев округіндегі "Дихан" шаруа қожалығы қырыққабат дақылының алғашқы 50 тоннасын Ресейдің Воронеж, Санкт-Петербург, Уфа қалаларына жөнелтті.

Диқандардың айтуынша  баға әлі тұрақты емес. Себебі бағаны нарық шешеді дейді.
Қожалық иесі Арман Алжанов биыл 5 гектар жерге қырыққабат еккен. Оның 2,5 гектары «Кевин», 2,5 гектары «Фарао». Аталған аумаққа ақпанның басында 120 мың дана көшет отырғызылыпты. Жалпы Ералиев ауыл округінде биыл 88 гектар жерге қырыққабат егілген.

Мұнан бөлек, Жетісайға қарасты Жылы Су ауылдық округінің қырыққабат өсірген диқандары да өнімдерін  Алматы және Астана қалаларына нарыққа шығарған.

Қазіргі таңда аудан бойынша 11361 гектар аумаққа бақша дақылдары егілсе, 1500 мың  гектар алқапқа көкөніс егілген. Оның 1171 гектары қырыққабат болып табылады.

Соңғы жаңалықтар