#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Ақмола облысында коронавирустан тағы бір адам көз жұмды. Осылайша, COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар саны 7-ге жетті.

 

Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 сәуірдің 14:00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi. Олардың үшеуі Қызылорда облысынан, біреуі Ақмола облысынан, біреуі Маңғыстау облысынан анықталды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында 119 адам, Қарағанды облысында 55 адам, Ақмола облысында 43 адам, Атырау облысы 36 адам, Жамбыл облысында 45 адам, Шымкент қаласында 20 адам, Шығыс Қазақстан облысында 6 адам, Алматы облысында 10 адам, Ақтөбе облысында 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 25 адам, Павлодар облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 6 адам, Қызылорда облысында 72 адам, Батыс Қазақстан облысында 2 адам, Түркістан облысында 33 адам, Қостанай облысында 3 адам — жалпы 709 науқас тіркелді.

Айта кетейік, оңтүстік астанада тағы 2 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.  Жалпы Қазақстан бойынша коронавирустан жазылғандар саны 53 адам болды.

Соңғы жаңалықтар