#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысында пандемиялық індетпен 400 дәрігер күресуде

Түркістан облысында коронавирустық инфекциямен ауырған науқастарды жатқызу үшін 150 төсек-орын жасақталған.

Түркістан облысында қазір 400-ге жуық дәрігер, орта және кіші буын медицина қызметкерлері күнделікті қауіп-қатердің ортасында адам өміріне араша түсіп, коронавирус індетімен күресуде.

Науқастарға тәулік бойы медициналық ем көрсетіп жүрген «Жетісай аудандық инфекциялық госпитальдың» меңгерушісі Замира Ташимова әріптестерінің бір кісідей күресіп, көмекке қосымша дәрігерлер жұмылдырылып жатқандығын айтады. 30 жылдан астам тәжірибесі бар инфекционист-дәрігердің өзі де елде төтенше жағдай жарияланғалы бері күндіз-түні аянбай жұмыс істеуде.

«Тәулік бойы ауруханада коронавируске шалдыққан науқастарды қолымыздан келгенше емдеуге тырысудамыз. Әрине, ол азаматтардың қиналғандарын көргенде өзіміздің де жүрегіміз ауырады. Бірақ, қиын сәтте барынша бекем болып, табандылық көрсетуіміз қажет екенін түсінеміз. Жетісай аудандық инфекциялық госпитальда керектінің барлығы бар. Өз тарапымыздан да барлық сақтық шараларын қадағалаудамыз. 14 күн сайын тексеріліп, коронавирус індетіне сынама тапсырамыз»-дейді Замира Ілиясқызы.

Жалпы, облыс бойынша коронавирустық инфекциямен ауырған науқастарды жатқызу үшін 150 төсек-орын жасақталған. Пандемиялық індетке ұқсас клиникасы бар науқастарды жатқызып, диагноздарын анықтау мақсатында 510 төсек орынға провизорлық госпитальдар қарастырылған. Одан бөлек барлық аудандар мен қалалардағы инфекциялық аурулар бөлімдері дайын. Қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау үшін облыс аумағына 955 төсек орынға карантиндік орталықтар ашылған.

Соңғы жаңалықтар