Осылайша үшінші мегаполис тұрғындары карантиннің екінші күнін рухты әуенмен бастап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Естеріңізге салар болсақ, осыдан 3 күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Қазақстанның әнұранын өз үйлерінің валкондарында осылай шырқаған болатын. Тұрғындардың «Туған жерім менің – Қазақстаным!», деп шырқаған сәті түсірілген видеолар түрлі әлеуметтік желілерде кеңінен таралған еді. Осы орайда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнұранды шырқаған қазақстандықтарға ризашылығын Twitter-дегі парақшасы арқылы жеткізді.
«Елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының әнұранымызды бірге орындауы — Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық. Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты Бәріміз Бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. #BizBirgemiz. We shall overcome», — деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.