Атамұра ауылының тұрғыны аялдама салып берді

Мақтаарал ауданына қарасты Атамұра ауылының құрметті азаматы Пердеш Есенбек өз ауылына аялдама салып берді.

Ш.Тұрғанбаев көшесінде он жылдан бері тұрғындар қар мен жаңбыр астында такси, автобус күтіп келген. Өйткені көліктер Жетісай арқылы Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтанға осы аумақтан өтеді екен. Бір сөзбен бұл көшеге қар, жаңбыр, аптап ыстықтан қалытқы болар аялдама өте қажет болған.
Ауылдастардың осы мұқтаждығын ескерген атымтай жомарт азамат өз қаражатына темірмен өрнектелген су жаңа аялдама тұрғызып беріпті. Әрі, халық игілігіне берілген аялдаманы мезгілсіз дүниеден өткен перзенті Абай Пердешұлының есімімен атапты.
Адамзатқа пайдалы харекет істеудің сауабы өте мол болатыны Хақ Исламда да жиі айтылады.
Абайдай перзенті атынан қайырымды іс атқарған ағамыз алдағы уақытта аялдама маңына гүл егіп, абаттандыруды да жоспарлап отыр екен.